Алматыда Ресей, Грузия және өзге елдерден жалған құжатпен келген мигранттар анықталды

182

Кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Алматыда Ресей, Грузия және өзге елдерден жалған құжатпен келген мигранттар анықталды Фото: gov.kz

Қала прокуратурасы жүргізген тексеру шеңберінде Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Грузия азаматтарының заңсыз көші-қон легі анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шет ел азаматтарының ел аумағына заңсыз келуіне, жалған құжаттар бойынша тұрақты тұруға рұқсат алу негіз болған.

"05.06.2024 жылы Наурызбай аудандық сотында ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігімен Наурызбай ауданының прокуратурасы бастаған сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша айыптау үкімі шығарылды.

Кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды", - дәлінген прокуратура хабарламасында.

Әдетте заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, жалған фирмалар арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта прокуратураның қадағалау актісі бойынша мемлекеттік кіріс органдары, жалған фирмалардың мемлекеттік тіркеудін жарамсыз деп тану жұмыстарын жүргізуде.

Заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл, қадағалау қызметінің өзекті бағыттарының бірі болып қалуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу