Алматыда ресейлік азаматтан 300-ден аса сим-карта тәркіленді

243

Одан Sim-Box, қазақстандық ұялы байланыс операторларының 300-ден аса сим-картасы және басқа да жабдықтар тәркіленген.  

Алматыда ресейлік азаматтан 300-ден аса сим-карта тәркіленді Фото: polisia.kz

Алматыда Бәйтереков көшесіндегі пәтерде жүргізілген жедел іс-шаралар барысында Ресей Федерациясының 18 жастағы азаматы ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"SIM-Box жабдығы қылмыстық мақсатта телефон қоңырауларын шалу, абоненттік нөмірлерді ауыстыру үшін кеңінен қолданылады. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды", – деп жазылған хабарламада.

Биыл осыған ұқсас 7 іс сотқа жолданса, оның төртеуі бойынша үкім шығарылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу