Алматыда Республика күні қалай тойланады

457

Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады. 

Алматыда Республика күні қалай тойланады Фото: Inbusiness.kz

Алматыда 20-25 қазан аралығында Республика күніне арналған көптеген іс-шара өтеді. Мереке 24 қазанға дейін жалғасатын Халықаралық "ALMATY PUPPET FESTIVAL" қуыршақ театрлар фестивалімен басталады. Жас көрермендерге Өзбекстан, Польша, Болгария, Грузия, Түркиядан келген театр ұжымы өнер көрсетеді.

Бұл күндері сенбіліктер, концерттер, турнирлер, көрмелер, зияткерлік ойындар және басқа да іс-шаралар жоспарланған. Негізгі іс-шара 25 қазанда "Медеу" БТСК-да өтіп, Мемлекеттік туды көтеріліп, Қазақстан Әнұраны жаппай орындалады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу