Алматыда республикалық Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі орындаушылардың додасы өтеді

742

40 жылдық тарихы бар өнер байқауы қайта жанданады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда республикалық Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі орындаушылардың додасы өтеді Фото: egemen.kz

Пандемиядан кейін жалғасын тапқан конкурстың мақсаты – жастардың өнерге деген қызығушылығын арттырып, дәстүрлі әншілер қатарын көбейту. Бүгінде сайысқа 50-ден аса өтінім түсіп, 47-сі іріктеуден өткен.

Әміре Қашаубаев атындағы республикалық сайыс – өнерпаздардың бағы мен бабын сынайтын ең жоғары деңгейдегі байқау. Оның қорытындысы қазанның 19-ы жарияланады. Ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыратын шарада үздік он сахна саңлағы анықталмақ.

"Басқа конкурстардан ерекшелігі – бұл жерде барлық мектеп, дәстүрлі ән мектептерінің өкілдері, әншілері қатыса алады. Бізде әннен, жырдан, күйден биыл жылдың аяғына дейін 7-8 осындай байқау бар. Сондықтан, үлкен көңіл бөлініп жатыр деп айтуға болады", – дейді Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры Ақан Абдуалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу