Алматыда реставрациядан кейін Дінмұхамед Қонаевтың мұражай-үйі ашылды

909

Мемлекет қайраткерінің 110 жылдығын мерекелеу құрметіне мұражайдың ашылуы өтті. Шараға қала басшысы Ерболат Досаев қатысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматыда реставрациядан кейін Дінмұхамед Қонаевтың мұражай-үйі ашылды

Реставрация және реэкспозиция процесіне мұражай және мұрағат ісі саласындағы жетекші мамандар, дизайнерлер, мүсіншілер, суретшілер, бейнеинженерлер және т.б. тартылды.

Реэскпозицияны Қонаевтың "Сталиннен Горбачевке дейін" кітабына сәйкес жүргізілді, онда саясаткердің ел өміріндегі маңызды тарихи оқиғаларға деген жеке көзқарасы суреттелген. Жұмыс барысында барлық экспонаттар, соның ішінде Дінмұхамед Қонаевтың жеке заттары бұрынғы қалпында сақталды.

Мұражай заманауи цифрлық және мультимедиялық технологиялармен жабдықталған, келушілер енді аудио нұсқаулықтарды қолдана алады. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға ыңғайлы болу үшін екінші қабатқа лифт орнатылды.

Экспозицияны соңғы жаңарту 10 жыл бұрын – 2011 жылы жасалған. Мұражайдың жалпы сақтау қоры 8 196 экспонатты құрайды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу