Алматыда робот шығаратын зауыт салынады

116

​Алматыда робототехника саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі UBTECH Robotics компаниясының шетелдегі алғашқы зауыты бой көтереді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда робот шығаратын зауыт салынады Фото: Алматы әкімдігі

Шанхайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен бизнес-форум аясында Алматы әкімдігі, Nero Robotics компаниясы және UBTECH Robotics компаниясының негізін қалаушы Чжоу Цзянь арасында қалада гуманоидты және білім беру роботтарын шығаратын зауыт салу туралы келісімге қол қойылды.

Алматы компанияның өндірісін іске қосатын алғашқы шетелдік қала атанды. Қазіргі уақытта зауыттың құрылысы басталып, өндірісті 2027 жылдың бірінші тоқсанында іске қосу жоспарланып отыр.

Жоба аясында робот өндірісімен қатар инженерлік-зерттеу орталығы құрылып, заманауи технология енгізіледі. Сондай-ақ, қазақстандық мамандарды робототехника саласында даярлау көзделген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу