Алматыда күміскөмей әнші, Халық қаһарманы, "Тарлан" сыйлығының иегері, шетелдіктер "қазақтың қызғалдағы" атап кеткен Роза Бағланованың құрметіне ескерткіш орнатылады, деп хабарлады inbusiness.kz порталы қалалық Мәдениет басқармасына сілтеме жасап.
"12 наурызға дейін Роза Тәжібайқызына арналған ең жақсы ескерткіштің жобасын жасауға ашық конкурс жарияланды. Бюджет 2021 жылдың екінші жартысында қаралады. Әзірге ескерткіш салуға қанша қаражат жұмсалары белгісіз", - деп жазылған басқарма таратқан хабарламада.
Ескерткіш Қабанбай батыр көшесінің оңтүстік бөлігінде, Байсейітова көшесінің шығыс жағында орнатылмақ.
Еске сала кетсек, халық әртісінің ескерткіші 2015 жылы өзі дүниеге келген Қызылорда облысының Әйтеке би ауылында орнатылған еді.