Алматыда Розыбакиев көшесіне Мұхтар Шахановтың атын беру ұсынылды

336

Өтінішті қалалық ономастикалық комиссиясының отырысында қарау ұсынылды. 

Алматыда Розыбакиев көшесіне Мұхтар Шахановтың атын беру ұсынылды Фото: Wikimedi / inbusiness

Алматыдағы Абдулла Розыбакиев атындағы көшені Мұхтар Шаханов атындағы көшеге өзгерту туралы петицияға қол жинау басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өтініш 24 сәуір күні жарияланды.

"Құрметті ономастикалық комиссия мүшелері! Біз, Алматы қаласының тұрғындары және Қазақстан Республикасының азаматтары, Абдулла Ахметұлы Розыбакиев атындағы көшенің атын өзгерту туралы бастама көтереміз. Мұхтар Шаханов – 2026 жылы 19 сәуірде өмірден өткен Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері. Ол Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы халық пен мемлекет алдындағы қызметі мәңгілік маңызы бар басты тұлғалардың бірі", – делінген жазбада.

Петиция авторлары марқұм Мұхтар Шахановтың Желтоқсан оқиғасын тарихи оңалтудағы рөлін, қазақ тілі мен ел егемендігін қорғаудағы еңбегін атап өтті. Сонымен қатар не себепті Розыбакиев көшесі таңдалып жатқанына да тоқталды.

"Біз 1957 жылы ақталған Абдолла Розыбакиевті (1897–1937) саяси қуғын-сүргін құрбаны ретінде құрметтейміз.

Бостандық және Алмалы аудандары арқылы негізгі білім беру және қоғамдық нысандар (Алматы Менеджмент Университеті, Тұңғыш Президент Қорының спорт кешені, MEGA Alma-Ata сауда орталығы) арқылы өтетін Алматының ең ұзын көлік артерияларының бірі Розыбакиев көшесінің (ұзындығы шамамен 7 шақырым) таңдалуы Мұхтар Шаханов тұлғасының әлеуметтік мәніне сәйкес келеді. Сондай-ақ, Абдолла Розыбакиевтің есімін лайықты мәңгілікке қалдыру мәселесін басқа форматта – оның өмірбаяндық байланысы бар жерлерде нысанға атау, мемориалдық тақта орнату немесе Көрнекті тұлғалар аллеясында оның бюстін сақтау мәселесін қарастыру ұсынылады", – деп жазылған өтініште.

Осы өтінішті Алматы қаласы ономастикалық комиссиясының кезекті отырысында қарау ұсынылып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу