Алматыда Рысқұлов даңғылы бойында жылу трассасы жарылды

846

Осыған байланысты қала жолдарында көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті ескертті, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

Алматыда Рысқұлов даңғылы бойында жылу трассасы жарылды

"Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына! Жылу трассасының жарылғандығына байланысты, Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта Жансүгіров көшесінен Розовая көшесіне дейін көлік қозғалысы тоқтатылды. Шектеу жол қалпына келгенше енгізіледі", – деп жазылған хабарламада. 

Сонымен қатар тәртіп сақшылары алматылықтарды алдын ала бағдарын түзетіп, қозғалыс ережелерін қатаң сақтауға шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу