Алматыда құрылысы жыр болған жолайрық пайдалануға берілді

1138

Оның құрылысы осы аймақта орналасқан нысан иелерімен болған сот процестеріне байланысты кешіктірілген еді.

Алматыда құрылысы жыр болған жолайрық пайдалануға берілді

Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталды. Рысқұлов даңғылы арқылы өтетін эстакаданың ұзындығы 186 метр. Оның құрылысы осы аймақта орналасқан құрылыс иелерімен болған сот процестеріне байланысты кешіктірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бұрындары нысан маңындағы жекелеген жолдар бойынша қозғалыс ашылған болатын. Жолайрық Рысқұлов даңғылы бойымен жүретін көліктерді өткізу қабілетін тәулігіне 80 мың автомобильге дейін Емцов көшесі бойымен – 40 мыңға дейін арттырады.

Биыл Алматының 274 көшесіндегі жаңа жолдардың ұзындығы 108 шақырымды құрайды. Жалпы ұзындығы 80 шақырымға жеткен 7 шақырым веложол салу жұмыстары аяқталды.

Бұған дейін Құлжа трактісі мен Бұқтырма көшесінің қиылысында салынып жатқан жолайрықта Құлжа трактісі бойынша екі бағытта көлік қозғалысы ұйымдастырылған болатын. Одан басқа, съездер бойынша Бұқтырма көшесінен Құлжа трактісіне шығысқа қарай, сондай-ақ Құлжа трактісі бойымен Бұқтырма көшесіне съезд арқылы, бұрылу алаңына өтпестен қозғалыс ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу