Хабарламаға сәйкес, көлік ағынындағы өткізу қабілетін арттыру мен қақтығыстардың алдын алу мақсатында 2023 жылғы 5 қаңтардан бастап эксперименталды түрде Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында Рысқұлов даңғылынан батыс және шығыс бағытта солға бұрылуға тыйым салынады.
"2023 жылғы 1 наурызға дейін мамандар аталған аумақтың, бағдаршам нысандары мен бұрылу орындарының көлік өткізу қабілеттілігіне талдау жасап, соның нәтижесіне сәйкес шешім қабылдайды", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу