Алматыда сағат жолаушылар автобусы өртенді

711

Өрт арнайы техниканың көмегімен 8 минутта сөндірілді. 

Алматыда сағат  жолаушылар автобусы өртенді

"101 қызметіне 14:47-де куәгерлер өрт туралы хабарлады. Өрт сөндіру қызметі 5 минутта жетті. Оқиға орнында  2014 жылы шығарылған Yutong маркалы газбен жүретін жолаушылар автобушы жанып жатты. От жарнама тақтасына өтіп үлгерген", - деп хабарлады ТЖД. 

Өрт арнайы техниканың көмегімен 8 минутта сөндірілді. Тілсіз жауды сөндіруге 12 адам, 4 техника жұмылдырылды. Ал көлікті басқарған жүргізушінің оң қолын күйік шалған. Ол ауруханаға барудан бас тартқан. Әзірге өрттің шығу себебі белгісіз. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу