Алматыда Саин көшесін ұзарту жұмыстары биыл аяқталады

460

Биыл Алматыда Саин көшесін ұзарту жұмыстары толық аяқталмақ. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.  

Алматыда Саин көшесін ұзарту жұмыстары биыл аяқталады Фото: inbusiness.kz

"Биыл желтоқсан айында Мөңке би көшесінде көлік жолайрығын салып, Саин көшесін ұзарту жұмыстарын аяқтау жоспарланған, соның арқасында қаланың негізгі магистралдық көшелерінде, яғни Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінде, сондай-ақ аудандық маңызы бар көшелерде көлік легі айтарлықтай азаяды", – деді Досаев.

Әкімнің айтуынша, өткен жылы Алатау ауданында бірнеше көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілген.

"2022 жылы Алатау ауданында 53 көшедегі ұзындығы 42 км жолға орташа жөндеу, сондай-ақ 35 көшеге жөндеу жүргізілді. Жыл соңына дейін Алғабас және Шаңырақ-1 шағынаудандарында 40,5 км жаңа жолдың құрылысы аяқталады. Сондай-ақ осы жылдың III-тоқсанында Шапағат шағынауданында сумен жабдықтау және канализация желілерін салу аяқталғаннан кейін 4,8 км жаңа жолдың құрылысы басталады. 2023 жылы біз ұзындығы 38 км болатын 50 көшеге орташа жөндеу жүргізуді жоспарлап отырмыз", – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу