Алматыда сайлау барысын бірқатар халықаралық байқаушылар бақылауда

753

Бақылаушылар таңертең 4 сайлау учаскесінде болып үлгерді, олар қандай да бір заң бұзушылықтарды байқамаған.  

Алматыда сайлау барысын бірқатар халықаралық байқаушылар бақылауда Фото: yandex.kz

Франция Республикасы Сенатының депутаты, "Франция – Орталық Азия" достық тобының төрағасы Эрве Морэнің айтуынша, Қазақстандағы сайлау процесі ашық және барлық демократиялық принциптерге сәйкес өтуде, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Жалпы, таңертең әртүрлі сайлау учаскелерінде барлық қажетті құрал-жабдықтардың  бар екенін байқадым деп айта аламын. Яғни, тізімге тіркелген сайлаушыларға сайлау бюллетені беріледі, ол мөрленген жәшікке тасталады", - деп атап өтті халықаралық сарапшы.

Жоғарыда айтылғандарға Франция Республикасы Сенатының депутаты, "Франция – Орталық Азия" достық тобының мүшесі Арно де Бельнэ де қосылды. 

"Дауыс берушілердің жүздері күлімдеп, ашық-жарқын жүр, қосымша айта кететін болсам, Францияда шетелдік бақылаушыларға мұндай ашықтық пен жанашырлық жоқ. Физикалық құрылымы жағынан бәрі ұқсас, мен өзім үшін әртүрлі партияларды таныстыратын бақылаушылардың тұрақты түрде болғанын байқадым, бұл - ашықтық көрсеткіші. Әрбір партия бұл процесті мүмкіндігінше бақылайды", - деп толықтырды ол.

Сарапшылар Алматыда әлі де бірнеше сайлау учаскелеріне баруды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу