Алматыда сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инватакси ұйымдастырылды

667

Алматыда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің үйлестіру кеңесінің мүшесі, I топтағы мүгедек Ұлан Инкарбеков сайлау учаскесіне инватаксимен келді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Алматыда сайлау күні мүмкіндігі шектеулі жандар үшін инватакси ұйымдастырылды Фото: inform.kz

"Бүгінгі сайлау өте қарқынды өтуде. Мен жаңа ғана өзімнің сайлау учаскемде дауыс бердім. Ешқандай бұзушылықтар жоқ, адамдардың дауыс беруге біртіндеп келіп жатқанын көремін. Мүгедектерге ешқандай кедергі жоқ, мені учаскеге дейін арнайы көлікпен алып келді. Кабина өте қолжетімді болды. Көру қабілеті нашар адамдарға арналған үлкейткіш әйнек, зағиптарға арналған Брайль трафареті бар әрі іші кең. Мен өз арбаммен емін-еркін кіріп-шықтым. Сайлау учаскесінің қызметкерлері мені өте жақсы қарсы алды",- деді Ұлан Инкарбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу