Алматыда сайлау күні жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға көлік қызметі көрсетіледі

285

Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілдері айтты.

Алматыда сайлау күні жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға көлік қызметі көрсетіледі Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда 23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтетін күні мүгедектігі бар және жүріп-тұруы шектеулі азаматтарға көлік қызметі көрсетіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы әкімдігі жүріп-тұруы қиын азаматтарға "Инватакси" қызметін ұсынады. Оны арбамен жүретін, тірек-қимыл аппараты бұзылған, сондай-ақ көру қабілеті бұзылған азаматтар пайдалана алады.

Сайлау күні қызмет көрсетуге 170 "Инватакси" көлігі жұмылдырылады. Оның 36-сы арнайы жабдықталған көлік болса, 134-і жеңіл автокөлік.

"Инватакси" қызметіне алдын ала тапсырыс беру үшін диспетчерлік қызметтерге хабарласу қажет:

Арбамен жүретін және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдар үшін:
+7 747 195 35 75;
+7 707 710 60 50 (WhatsApp);
+7 747 402 64 15 (WhatsApp).

Көру қабілеті бұзылған азаматтар үшін:
+7 727 338 32 78
+7 700 521 26 33
+7 777 611 13 57 (WhatsApp)

Сонымен қатар 23 тамызда 20 кезекші автокөлік қызмет көрсетеді. Оларды 8 700 151 07 01 және 338-30-09 телефон нөмірлері арқылы шақыруға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу