Алматыда Сайран су қоймасының түбін тазарту жұмыстары басталды

520

Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасының мамандары Сайран су қоймасының түбін тазарту жұмыстарын бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Almaty.tv. телеарнасына сілтеме жасап.

Алматыда Сайран су қоймасының түбін тазарту жұмыстары басталды Фото: almaty.tv

Су қоймасының түбі мен жағалауын лайдан, қамыс пен қоқыстан  механикалық тазарту жүргізілуде. Бұрындары су қоймасының түбін тазарту  жұмыстары мүлдем жүргізілмеген.

Механикалық тазалау жобасы аясында тереңдету, еңістерді түзеу, батыс жағалауды реттеу, жағажайды тазалау мен сол жақ жағалаудағы пирсті жөндеу жұмыстары қарастырылған.

Тазарту жұмыстары мамыр айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Су қоймасының түбін тазарту жұмыстарының жалпы аумағы 162 мың шаршы метр. Ал, тазарту жұмыстарымен 35 жұмысшы айналысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу