Алматыда Сайын көшесіне Үлкен Алматы каналы бойынан Мөңке би көшесіне дейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір жолдың батыс жағында жөндеу жұмысы аяқталды, қозғалыс ашық, деп хабарлайды inbusiness.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап.
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен Сайын көшесінде ҮАК бойынан Мөңке би көшесіне дейін орташа жөндеу жүргізу кезінде көлік жүру қабілетін арттыру үшін мынадай шаралар қабылданады:
- 23 шілде сағат 21:00-ден 25 шілде сағат 07:00-ге дейін жолдың шығыс жағында толық жабылатын полимерлі асфальтбетон жабындысын төсеу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
- қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін патрульдік полицияның 6 экипажы жұмылдырылады, сағатына 40 шақырым жылдамдықты шектеу белгісі орнатылады. Жолақ ретінде конус типті шағылысушы чиптер қойылады.
"Реверсивті қозғалыс басталар тұста екі қапталынан да көліктің арасын бөлетін қоршаулар болады. Жол жөндеу жұмыстары туралы соңғы ақпарат қала әкімдігі мен қалалық мобильділік басқармасының ресми парақшаларында. Сондай-ақ 2GIS қосымшасында көрсетілген", делінген хабарламада.