Алматыда "Сақтар мәдениеті" көрмесінің құрылысы басталады

1434

Сондай-ақ, "Батырлар" мемориалдық кешені де бой көтереді.

Алматыда "Сақтар мәдениеті" көрмесінің құрылысы басталады

Биыл Алматыда ашық аспан астындағы "Сақтар мәдениеті" көрмесінің құрылысы басталады деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ, "Батырлар" мемориалдық кешені де бой көтереді.

Қос нысан қолданысқа берілген соң, мұнда 1 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде.

Қазақстанға аяқ басқан әрбір екінші шетелдік турист Алматы қаласына келеді. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, алып шаһарға 1 миллионнан астам адам қонақ болған. Олардың 365 мыңы – шетелдік турист. Алма шаһарын аралап, мұндағы сұлулықты өз көзімен көруге әсіресе Ресей, Қырғыз, Қытай, Үндістан және Түркия елінің азаматтары ынтық екен.

Туристер нөпірін көбейту үшін биыл қалада "Сақтар мәдениеті" көрмесінің құрылысы басталады. Сондай-ақ, "Батырлар" мемориалдық кешені де бой көтереді. Райымбек батыр кесенесінің маңында тұрғызылатын бұл музейде қазақтың хас батырларының қару-жарақтары, қолданған бұйымдары топтастырылады.

"Бұл орталықтарға ашылған сәттен бастап 1 млн-нан астам адам келеді деген болжам бар. Жалпы, Алматыға келетін туристерді қаланың мың жылдық тарихы мен көшпенділер мәдениеті", – деді Алматы қаласы туризм басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы деді Бауыржан Бірбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу