Алматыда салмағы 5 келіде асатын сәби дүниеге келді

603

Сәбидің салмағы 5 328 грамм, бойы 60 см.

Алматыда салмағы 5 келіде асатын сәби дүниеге келді

Алматы қаласында салмағы 5 келіден астам қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматының №2 перзентханасында 32 жастағы әйел жүктіліктің 39 аптасында патология бөліміне түсіп, салмағы 5 328 грамм, бойы 60 см сәбиді дүниеге әкелді. 

"Мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Әйел еш қиындықсыз босанды. Қазір анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы. Үш күн перзентханада жатып, үйіне шығарылды", – дейді бас дәрігердің орынбасары міндетін атқарушы Гүлнәр Куренова. 

Бір қызығы, анасы болашақ баласының салмағын білмеген, ультрадыбыстық зерттеуде салмағы 3500-3800 грамм деп көрсеткен екен. 

"Қызым ауыр салмақпен туатынын білмедім. №2 перзентхананың бас дәрігерінен бастап, мейірбикеге дейін, барша ұжымға шексіз алғысымды білдіремін. Мұнда кәсіби мамандар жұмыс істейді. Таза бөлме, дәмді тамақ. Жауапты және құрметті команда. Баршаңызға зор денсаулық, табыс тілеймін", – деді жас босанған ана.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу