Алматыда салмағы 6 келі 200 грамм сәби дүниеге келді

962

Бұл Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында мұндай салмақпен өмірге келген алғашқы нәресте. 

Алматыда салмағы 6 келі 200 грамм сәби дүниеге келді

Алматы қаласында салмағы 6 келі 200 грамм, бойы 66 сантиметр нәресте дүниеге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына сілтеме жасап. 

Нәресте кесар тілігімен дүниеге келді. 

"Тұңғыш баласын өмірге әкелген 20 жастағы ананың жағдайы қазір қанағаттанарлық. Сәби анасының қасында. Жаңа туған нәрестенің денсаулығы өте жақсы, ол дәрігерлердің бақылауында", – деді орталық директоры Гүлнар Нұрланова. 

Спикердің айтуынша, бұл Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында мұндай салмақпен туған алғашқы сәби. 

"Бізде аналар үлкен салмақпен сәбилерді дүниеге әкеп жатады. Соңғы рет салмағы 5 келі 8 грамм нәресте дүниеге келген болатын. Бірақ біздің Орталықта 6 келі 280 грамм сәби бірінші рет өмір есігін ашты", - дейді Гүлнар Нұрланова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу