Алматының Наурызбай ауданында заңсыз салынған Qadam тұрғын үй кешені сүріледі, деп жазады inbusiness.kz.
"Алматы қаласының қала құрылысын бақылау департаменті нысанның сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. 4 қабатты тұрғын үйдің құрылысы заңсыз басталған. Тексеріс қорытындысы бойынша Qadam тұрғын үй кешені ЖШС-не қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап-арыз қойылды", – деп жазылған хабарламада.
Сот шешімімен заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап-арыз қанағаттандырылды.
Әкімдік тұрғындар жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан үй туралы ақпаратты тексеріп, құжаттар топтамасын мына телефон арқылы сұрай алатынын еске салды: +7 (727) 229-81-36.
Фото: novostroyki-almaty.kz