Алматыда санитарлық шектеулер жеңілдетілді

888

Алматыда коронавирус бойынша жағдай тұрақты, деп хабарлайды Atameken Business.  

Алматыда санитарлық шектеулер жеңілдетілді

Мегаполис "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа көшуіне байланысты шаһардың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қаулысын өзгертті. Бұған дейінгі құжат медицина және мәдениет саласының өкілдері тарапынан келіспеушілік туындатқан.  Себебі коронавирус тестісі оң көрсеткендердің бәрін ауруханаға жатқызу міндеттелген еді. Бұл талап қаншалықты өзгерді? Оны әріптесім Перизат Көмекбайқызы анықтап көрді. Ол қазір Алматыдан тікелей байланысқа шығып тұр.

Қазақстандықтар қызмет көрсету орындарына QR-кодпен кіруі мүмкін.

Иә, шектеудің жаңа түрі бекітілсе солай болғалы тұр. Негізі, "Ашық" атты қосымша елдегі эпиджағдайды қашықтан бақылау үшін қолға алынып отыр. Оның жұмыс істеу механизмі оңай.  Тұрғындар қосымшаны жүктеп алады. Ал ондағы базада кімнің қандай жағдайда екені  көрсетіледі. Қызмет көрсету орындарына кірерде, сол базадағы  кюар кодты көрсете алады. Әр  тұрғынға әр түрлі түс беріледі.  Түстердің нені білдіретінін экраннан көріп отырсыздар. Ең қорқыныштысы  қызыл түс. Бұл оқшауланған немесе амбулаториялық бақылаудағы жандар. Олар қозғалысты шектеуі керек. Екіншісі - Сары.  Яғни,бұл науқаспен байланыста болған адамдар. Оларға үйінен 500 метрден асып шықпауы тиіс. Дүкен мен дәріханаға баруына болады. Үшіншісі Көк - Бұл ПТР тест тапсырған жандар. Әуежайдан басқа жерде қозғалысқа ешқандай шектеулер жоқ. Жасыл түсті тұрғындарға ешқандай шектеу жоқ.  Бұл пайдаланушы дерекқорда covidтің  теріс нәтижесі бар ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген. Жаңа жүйе туралы халықтың пікірін де білген едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу