Алматыда санитарлық талаптарды елемеген автосервистер жабылды

648

Қала әкімдігінің қызметкерлері 22 және 27 маусым аралығында бес мыңнан аса мекемені тексеріп, ереже бұзғандарды анықтады.

Алматыда санитарлық талаптарды елемеген автосервистер жабылды

Рейд кезінде комиссия автобөлшек сататын "Ақжол" дүкенін, "Ахчия" техника жөндеу орталығын, Doctor деп аталатын дөңгелек ауыстыру орнын, "Сытый папа" және Medina көлік жуу орталығының жұмысын тоқтатты. 

Аталған нысандарда мынадай ереже бұзу деректері анықталған: 

  • әлеуметтік арақашықтықты белгілейтін таңбаның болмауы; 
  • дене қызуын өлшеу ережесін сақтамау; 
  • жеке қорғаныс заттарын пайдалану ережесін орындамау; 
  • есеп журналының жоқтығы; 
  • санитайзердің жоқтығы; 
  • ғимаратқа кірер жерде дезинфекциялайтын кілемшенің болмауы; 
  • қолданылған бетперде мен қолғап салатын жәшіктердің болмауы және т.б. 

Өткен аптада мегаполисте 5 395 нысан тексерілді. Олардың 591-і қаланың бас санитар дәрігері бекіткен талаптарды сақтамаған. 571 нысан кемшіліктер түзелгенше қызмет көрсете алмайды. 

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу