Ресми дерекке сүйенсек, азаматтық белсенді Санжар Боқаев ҚР ҚПК-нің 128–131-баптарының тәртібімен ұсталған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Санжар Боқаев жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдарды орналастырды деген күдікке ілінді", – делінген хабарламада.
Тергеу деректеріне сәйкес, белсенді аталған қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген.
Сондай-ақ ол аса ірі мөлшерде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілігіп отыр.
Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.