Алматыда сарбазды ұрып өлтірді деген лейтенантқа сот үкімі шықты

318

Сот үкімімен 7 жылға бос бостандығынан айырылды. 

Алматыда сарбазды ұрып өлтірді деген лейтенантқа сот үкімі шықты Фото: elements.envanto.com

Сарбаз Досымжан Сәлімжанның өліміне қатысты істі Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы Н. Жексембиев қарады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл іс бойынша лейтенант Шәкиров Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігі бойынша айыпталды.

"Сот Ж.Шәкіровті "Билiктi асыра пайдалану" бабы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Жәбірленушінің пайдасына 10 млн теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді", – делінген сот шешімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 2023 жылдың қазан айында Атырау облысы Құлсары қаласынан әскерге шақырылған Досымжан Сәлімжан борышын Жетісу облысы Сарыөзек кентіндегі №29108 әскери бөлімінде өтеп жүрген. Биыл мамырда әскери госпитальге түскен жауынгер он күннен соң сонда көз жұмды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу