Алматының Бостандық ауданындағы Шукур сарқырамасы маңында 16 жастағы қыз аяғын қайырып алып, өздігінен төмен түсе алмай қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға теңіз деңгейінен шамамен 2650 метр биіктікте болған. Төтенше жағдайлар министрлігінің "Барыс" республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары геолокация бойынша оқиға орнына жетіп, қызға алғашқы көмек көрсетті.
Құтқарушылар зардап шеккен қызды қауіпсіз түрде төмен түсіріп, ата-анасы күтіп тұрған жерге жеткізді. Кейін ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу