Алматыда Сәтбаев көшесіндегі жолайрықты орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда

597

Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындыларына сәйкес биылғы жоспарға ұзындығы 3,1 шақырымды құрайтын Сатбаев-Жандосов-Байзақов көшелерінің қиылысындағы жолайрық қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматыда Сәтбаев көшесіндегі жолайрықты орташа жөндеу жұмыстары жалғасуда Фото: canva.com

Сәтбаев көшесі мен Байзақов көшесінің қиылысында, 25 тамыз сағат 23-00-ден 26 тамыз сағат 06-00-ге дейін, батыс бағытта Манас көшесіне дейін, Байзақов көшесінің бойымен Құрманғазы көшесінен Жандосов көшесіне дейін жол жабынын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

25 тамыз сағат 23-00-ден 26 тамыз сағат 6-00-ге дейін Сәтбаев көшесі-Байзақов көшесі бойымен Мүсірепов көшесінен батыс бағытта, Сәтбаев көшесінен Байзақов көшесіне солтүстік бағытта, Жандосов көшесінен Байзақов көшесіне солтүстік бағытта жүру шектеледі, Әуезов көшесі, Абай даңғылы бойымен Манас көшесі, Бұқар Жырау бульвары бойымен айналма жол тиісті схемамен ұйымдастырылады.

Байзақов көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі съезд бойынша шығыс бағытта көлік қозғалысы жабылатын кезде штаттық режимде жүзеге асырылатын болады.

Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2 патрульдік экипаж қызмет етіп, жылдамдықты 40 км\сағ дейін шектеу туралы белгі қойылады.

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы жол телеграм арнасында, сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу