Алматыда сауда нысандарын тонауға қатысқан екі бойжеткен ұсталды

3239

Олардың пәтерінен барлығы 70-тен астам ұнтақты заты бар магниттік бумалар, сондай-ақ екі процессор мен монитор, ноутбуктер табылды. 

Алматыда сауда нысандарын тонауға қатысқан екі бойжеткен ұсталды

Алмалы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, қала орталығында күндізгі уақытта 21-27 жас аралығындағы бес адам ұсталған, деп хабарлайды Inbusiness.kz Алматы қаласы комендатурасына сілтеме жасап.

"Олардың екеуі – қыздар. Күдіктілер есірткі тығып жатқан жерінде қолға түсті. Ұсталғандардың жалдамалы пәтерінен бөлшек сауда үшін оралған синтетикалық есірткі заты, сондай-ақ күдіктілер тонау кезінде қылмыстық жолмен алған цифрлық құрал-жабдықтар табылды және тәркіленді", – деп жазылған ақпараттық орталық таратқан хабарламада. 

Олардан барлығы 70-тен астам ұнтақты заты бар магниттік бумалар, сондай-ақ екі процессор мен монитор, ноутбуктер, теледидарлар, проекторлар, пернетақталар, виртуалды ойындарға арналған дулыға, киетін заттар, сондай-ақ әскерилендірілген оқ-дәрілер табылды және қылмыстық іс материалдарына қосылды. Күдіктілер қамауға алынды.

"Олардың жеке басы басқа да заңсыз әрекеттерге қатысы бар-жоғына тексерілуде", – деп толықтырды Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу