Алматыда сауда орталығында болған төбелеске қатысты деректер жарияланды

593

Осыдан бір ай бұрын Алматы сауда ойын-сауық орталықтарының бірінде балалар орталығында әкімші мен танымал кинооператор Азамат Дулатов төбелесті.    

Алматыда сауда орталығында болған төбелеске қатысты деректер жарияланды Фото: Бейнебақылаудан стоп кадр

Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық қатысушыларына қатысты іс-материалын жинағанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz. Аталған іспен қазір оңтүстік астанадағы Бостандық ауданы полиция басқармасының қызметкерлері айналысып жатыр.

“Жанжалдың үш қатысушысына - ерлі-зайыптылар мен мекеме әкімшісіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс жүргізу материалдары жиналды. Олар юрисдикцияға сәйкес шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 2022 жылғы 3 қарашада беріледі", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Айта кету керек, осыған дейін белгілі оператордың әйелі мен мекеме әкімшісі арасындағы жанжал төбелеске ұласқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу