Алматыда "Forum" сауда-ойын-сауық орталығының қызметкерлері мен келушілері жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарға байланысты эвакуацияланды.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жарылғыш құрылғы қойылғаны туралы хабарларға алғашқы ден қою шаралары шеңберінде қазір төтенше және жедел қызметтері Бостандық ауданындағы "Forum" сауда орталығында тексеріс жүргізіп жатыр.
"Орталыққа келушілер мен қызметкерлер эвакуацияланып жатыр. Сонымен қатар, саперлік бөлімшелер қосылып, ғимаратқа комиссиялық тексеру жүргізіледі. Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауды сұраймыз", - деп хабарлады ведомстводан.