Алматыда сауда орталықтары штаттық режимде жұмыс істейді

933

Бұл өзгеріс шаһардың бас мемлекеттік санитар дәрігері жариялаған қаулыда қарастырылған. 

Алматыда сауда орталықтары штаттық режимде жұмыс істейді

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин осыған дейін 31 қаңтарда жарияланған №3 қаулысына түзету енгізді, деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі. 

Құжатқа сәйкес сауда және ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен сауда желілері тұрақты түрде жұмысын жалғастырады. Жұмыс және демалыс күндері ашық азық-түлік және азық-түлік емес базарларына штаттық режимде қызмет көрсетеді. Бұл ретте адам саны 30% -дан аспайтын және 4 шаршы метрден кем емес азық-түлік емес жабық базарларға әлеуметтік арақашықтықты, бетперде тағу режимін, санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтай отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі. 

"Сауда ойын-сауық орталығында орналасқан нысандарды қоса алғанда, қоғамдық тамақтану объектілерінің (жабық) қызметтері сағат 7: 00-ден 23:00-ге дейін шектеледі. Ол нысандарда соңғы төлем сағат 22:00-де дейін жүзеге асырылуы керек. Әлеуметтік қашықтық, бетперде тағу режимі, термометрия, күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим сақталуға тиіс. 50 адамға дейін қатысатын мәдени нысандар мен концерт залдарының жұмысына (репетиция), толымдылығы 30%-дан аспайтын театрлардың, кинотеатрлардың жұмысына рұқсат етілген", – деп жазылған құжатта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу