Алматыда сауда үйінің бірінен өрт шықты. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
“8 наурыз күні сағат 11:50-де қалалық ТЖД күштері мен құралдары Түрксіб ауданы, Сейфуллин көшесі, 9 а мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарламаға жоғары дәрежедегі шақырту бойынша жіберілді. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде төрт қабатты “Жібек жолы” сауда орнының төртінші қабатында орналасқан әкімшілік кабинетінің ұйымдастыру техникасы, жиһазының жанып жатқанын анықтады”, - делінген хабарламада.
Адамдарды эвакуациялау жүргізіліп, өртке қарсы жедел саты орналастырылды. Бұдан бөлек өрт оқпандары енгізіліп, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілген.
“Өрт сағат 12:13-те оқшауланып, сағат 12:21-де жойылды. Зардап шеккен адам жоқ”, - деді қалалық ТЖД.