12 қыркүйек күні таңертең орталықтың келушілері мен қызметкерлерін ғимараттан шұғыл түрде шығуды сұрады. Куәгерлердің айтуынша, өрт дабылы соғылды.
Полицияның мәліметінше, "102" пультіне сауда үйлерінің біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келіп түскен.
"Осындай хабарламалар бойынша сауда үйінің келушілері мен қызметкерлері эвакуацияланды. Саперлер мен басқа бөлімшелердің қызметкерлері ғимаратты тексерді. Жарылғыш зат табылмады, ақпарат жалған болып шықты. Полиция анонимді тұлғаны анықтауда", – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу