Алматыда сауда желілеріне мониторинг жүргізілді

611

Өңірлік комиссия мүшелері қаладағы сауда желілері бойынша көшпелі іс-шара өткізді.  

Алматыда сауда желілеріне мониторинг жүргізілді Фото: gov.kz

Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы, Алматы әкімдігі кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы мен статистика департаментінің және "Алматы" ӘКК басшылары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорларын үздіксіз жеткізудің уақытылы қамтамасыз етілуін тексерді. Сонымен қатар, өңірлік комиссия мүшелері сауда желілерінің әкімшілігімен сауда үстемесінің шекті 15% мөлшерін міндетті түрде сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, 2023 жылы өңірлік комиссия мүшелері 43 отырыс өткізді. Өңірлік комиссия қызметінің нәтижелері бойынша тиімсіз делдалдар түріндегі 175 бұзушылық, сондай-ақ сауда саласындағы заңнаманы бұзу фактілері анықталды және жойылды. Тәртіпке бағынбайтын кәсіпкерлерге қатысты 163 әкімшілік хаттама жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу