Алматыда Сейфуллин даңғылындағы учаске 2 күнге жабылады

477

Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы хабарлады. 

Алматыда Сейфуллин даңғылындағы учаске 2 күнге жабылады Фото: NUR.KZ

Алматыдағы Сейфуллин даңғылындағы учаскеге полимерлі асфальтбетон жабыны төселеді, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, 4 тамыз күні сағат 23.00-ден бастап 6 тамыз 07.00-ге дейін Алматы-1 теміржол вокзалының айналма жолынан Жұмабаев көшесіне дейінгі учаскеде Сейфуллин даңғылы бойынша жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Аталған көше учаскесіне патрульдік полиция полкінің 4 экипажы жұмылдырылады.

"Жабық учаскені айналып өту Ақан Сері көшесі, Зорге көшесі, Осипенко көшесі, Ержанов көшесі, Жансүгіров көшесі, Жұмабаев көшесі және іргелес көшелер арқылы жүзеге асырылады. Алматы-1 теміржол вокзалына дейін Ақан Сері көшесі, Сүйінбай даңғылы, Шолохов көшесі, Зорге көшесі, Ержанов көшесі, Осипенко көшесі арқылы жетуге болады", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу