Алматыда сел жүрді

491

Кеген ауданында ұзындығы 300 метр жол төсемі опырылған.

Алматыда сел жүрді Фото: Ашық дереккөзден

Алматы облысының Кеген ауданында сел жүріп, жол опырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға 6 шілде күні кешке қарай болған.

"Сағат 18.35-те Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Кеген ауданында жауған жаңбыр мен бұршақ салдарынан Саты ауылынан екі шақырым жердегі Саты Сай шатқалында жергілікті маңызы бар автожолжын су шайғаны туралы хабар келіп түскен. Салдарынан жолдың негізіне зақым келген. Ұзындығы 300 метр жол төсемі опырылған. Дегенмен жолмен өтуге мүмкіндік бар. Жол қызметі ескерту белгілерін қойып, СМС-хабарлама таратты", - деп жазылған департаментінің баспасөз қызметі ұсынған мәліметте.

Бұл аумақтан жоғарыда елді мекендер жоқ, халық тұрмайды. Зардап шеккендер жоқ. Жолдың опырылған бөлігін қалпына келтіру жұмыстары комиссия зерттеу жүргізгеннен кейін жүргізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу