Алматыда селден қорғайтын бөгеттер салынып жатыр

752

Олардың құрылысы 2023 жылы аяқталады.

Алматыда селден қорғайтын бөгеттер салынып жатыр

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев селден қорғайтын бөгеттердің қалай салынып жатқанын тексерді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бөгеттер Үлкен Алматы мен Ақсай өзендері бассейнінде салынып жатыр. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, Үлкен Алматы мен Ақсай өзендерінің жоғарғы ағысында 114 мұздық пен 35 көл бар. Су арнасынан тасыса, 5 мыңнан аса нысан мен 40 мыңнан аса адамға қауіп төнуі мүмкін.

"Бөгеттер Наурызбай, Әуезов пен Алатау аудандарындағы тұрғындар мен нысандарды қорғайды. Нысандардың құрылысы 2023 жылы аяқталуы тиіс", - деп жазылған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу