Алматыда "Сергектер" қаптайды

930

Алматыда "Қырағы көз" камералар көше қиылыстарын ғана емес, реттелмейтін жаяу жолақтарды да бақылайды.  

Алматыда "Сергектер" қаптайды

Камералар орнатылып жатыр, функцияларды баптау жұмысы басталды. Алдағы екі аптаның ішінде видеофиксаторлар толықтай іске қосылады. "Көркем Телеком" ЖШС өкілдерінің хабарлауынша, "Сергек" 13 нүктеге қойылады:

Жандосов – Сайын,

Жандосов – Розыбакиев,

Сәтбаев – Розыбакиев,

Сәтбаев – Брусиловский,

Жандосов – Алтынсарин,

Өтеген батыр – Қабдолов,

Шәріпов – Рысқұлов,

Рысқұлов – Тілендиев,

Төле би – Брусиловский,

Төле би – Тілендиев,

Төле би – Тұрғыт Озал,

Райымбек – Өтеген батыр

Райымбек – Емцов.

"Сергек" аппараттық-бағдарламалық комплекстері жаяу жолақ маңындағы қозғалыс ахуалын да бақылайтын болады. Ереже бұзғандарға айыппұл қандай механизм бойынша келетінін жуырда полицейлер хабарлайды.

Еске салайық, шаһар әкімдігі жыл соңына дейін мегаполисте 707 қосымша "сергек" қойылатынын мәлім еткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу