Алматыда "Сергектің" саны артады

427

Алматыда қосымша 3 мыңға жуық "Сергек" бақылау камералары орнатылады.  

Алматыда "Сергектің" саны артады Фото: Тұрар Қазанғапов

"Сергек" қойылғалы бері Алматы жолдарындағы апатты жағдайлар азайған, деп жазады inbusiness.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қазір қалада 5 мыңға жуық бейнебақылау камералары жұмыс істеп тұр. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 1 миллионнан астам заң бұзушылық тіркелген, айыппұл сомасы 8 миллиард теңгеге жеткен.

Айта кеткен жөн, "Сергек" жүйесіндегі деректер 30 күнге дейін сақталады. Бейнебақылау камералары Қазақстанның жеті қаласында жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу