Алматыда шабуыл жасалған банк әдеттегідей жұмыс істеп тұр

1346

Алматыда шабуыл жасалған банк әдеттегідей жұмыс істеп тұр

Алматыда таңертең орын алған оқыс оқиғадан кейін "ЦентрКредит" банк бөлімшесі кестеге сай жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

"Бүгін таңертең белгісіз екі адам "Мәметова, 67" мекенжайында орналасқан №22 БЦК ҚЖО кезекшілікте тұрған күзет агенттігінің инспекторына шабуыл жасады. Қарсылық көрсеткен күзетші түрлі дене жарақаттарын алды. Қаскөйлер оның травматикалық қаруын тартып алған", – деп хабарлады "Центркредит".

Банктің хабарлауынша, аталған бөлімше қызметкерлері еш зардап шеккен жоқ, күзет агенттігінің қызметкеріне медициналық жәрдем көрсетілді және оның өміріне еш қауіп төнген жоқ. Қазіргі уақытта БЦК барлық бөлімшелері және қашықтықтан қатынасу сервистері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. "Банк өкілдері Алматы ІІД қылмыскерлерді іздеу және ұстауға бағытталған шараларына көмек көрсетуде. Біз қылмыскерлердің жақын арада табылатынына және жасаған қылмыстары үшін жазаға тартылатындығына сенеміз", – делінген банк хабарламасында.

Айта кетейік, 25 қазан күні таңертең Алмалы ауданындағы "Центркредит" банк бөлімшелерінің бірінің күзетшісіне шабуыл жасалды. Қылмыскерлерді іздеуге және ұстауға бағытталған "Сирена" арнайы жоспары жарияланды. Шабуыл фактісі бойынша, ҚР ҚК 192-бабы, 2-бөлімі ("Қарақшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыскерлерді іздеу және ұстау жұмыстары жалғасуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу