Алматыда шағын бизнестің салығы 3%-ға дейін төмендетілді

60

Бұл шешім 2026 жылы күшіне енетін жаңа салық кодексі аясында қабылданып отыр.  

Алматыда шағын бизнестің салығы 3%-ға дейін төмендетілді Фото: nalogikz.kz

Алматы қаласы мәслихатының депутаттары шағын бизнеске арналған жаңа арнайы салық режимі (АСР) бойынша мөлшерлемені 3%-ға дейін төмендету туралы ұсынысты қолдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кодекске сәйкес, базалық мөлшерлеме 4% болып белгіленген. Десе де өңірлерге оны 2–6 пайыз аралығында реттеу құқығы берілген.

Бүгінгі таңда Алматыдағы шағын бизнес субъектілерінің басым бөлігі 3% мөлшерлемемен қолданыстағы жеңілдетілген режимде жұмыс істейді. Егер мөлшерлеме артса, компаниялардың қаржылық тұрақтылығына теріс әсер етуі ықтимал.

Салық саласындағы өзгерістердің бірі – B2C сегменті. Бұл санатқа үй маңындағы дүкендер, қызмет көрсету орталықтары, сұлулық салондары, жөндеу шеберханалары және халыққа бағытталған өзге де кәсіпорындар енеді.

Жаңа талаптарға сәйкес, жалпыға бірдей тәртіппен жұмыс істейтін бизнес АСР қолданатын компаниялардан алынған тауарлар мен қызметтерді шығыс ретінде есептемейді. Бұл серіктестік тізбектерінің қысқаруына әкелуі мүмкін.

Сондықтан мөлшерлемені 3% деңгейінде сақтау шешімі Алматының шағын және микробизнесінің бәсекеге қабілеттілігін қорғауға бағытталған.

Қалалық мәслихат депутаттары бастаманы қолдай отырып, салық мөлшерлемесін төмендету қала бюджетінің кіріс бөлігіне ықпал етуі мүмкін екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу