Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Берік Солтанбаев мәлімдеді.
Оның айтуынша, қала экономикасының басым бөлігі, бұл 57,5% шағын және орта бизнесті қалыптастырады. Оған экономикалық белсенді халықтың 83% - ы жұмылдырылған.
Шаһарда барлығы 380 мың шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 22%-ға жоғары (312 784 бірлік). Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 323 мыңды құрайды, бұл да өткен жылдың сәйкес кезеңінен 39% - ға жоғары (233 030 бірлік). Айта кетсек, еліміз бойынша бұл көрсеткіште Алматы бірінші орынды алып тұр.
"Кәсіпкерлік бастаманың арқасында бүгінде қала экономиканың бестен бір бөлігін ел бюджеті кірісінің төрттен бірін қамтамасыз етеді", - дейді Берік Солтанбаев.