"Қазақстан шахмат федерациясы", "Халықаралық шахмат федерациясы" және Алматы қаласының әкімдігі бірлесе өткізетін шараның ашылуы салтанаты 25 желтоқсан күні Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді, деп жазады, inbusiness.kz тілшісі.
Оның айтуынша сайысқа бүкіл әлемнің 50 елінен 300 спортшы қатысады. Онда әйелдер, ерлер командасы болады. Биылғы чемпионатқа Қазақстан атынан Жансая Әбдумәлік пен Динара Сәдуақасова қатысатын болады.
Былтыр еліміздің намысын қорғаған Бибісара Асаубаева әлем чемпионатында жүлделі орынды иеленген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу