Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындысына сәйкес биылғы жоспарға Шаляпин көшесінің Береговой көшесінен Әшімов көшесіне дейінгі ұзындығы 4 шақырым бөлігін қосу туралы шешім қабылданған болатын.
18 тамыз сағ.23:00-ден 20 тамыз 06:00-ге дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Шаляпин көшесінің Әшімов көшесінен Яссауи көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен уақытша шектеледі.
Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Almaty_Joly телеграм арнасында, сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында жазылған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу