Алматыда шаңғы маусымы ашылды

1101

Биылғы тау шаңғы кешенінде жалға беру аймағы екі есеге кеңейтіліп, тау шаңғысының саны үш мыңға дейін көбейтілді.

Алматыда шаңғы маусымы ашылды Фото: almaty.tv

Маусымды шаһар әкімі Бақытжан Сағынтаев ашты. Ол қыс мезгілінде мыңдаған саяхатшы ағылатын тау шаңғы кешені биыл жаңартылғанын айтты. 

"Шымбұлақта шаңғы маусымын аштық. Биыл мұндағы жалға берілетін аймақ екі есеге артты. Барлық жабдықтар жаңартылып, тау шаңғысының саны үш мыңға дейін көбейтілді. Күрделілігі түрлі деңгейде болатын 25 шақырым трасса дайындалды. Өткен жылы мұнда шамамен 682 мың адам болды. Оның 220 мыңы шаңғышылар. Келушілердің жыл сайын15 пайызға өсуі туристерге көрсетілетін қызмет деңгейінің көтерілгенін білдіреді. 65 жылдығын атап өткелі отырған тау курорты шетелдік туристер үшін, әсіресе Ресей, Қытай және Оңтүстік Корея елдеріне танымал демалыс орнына айналды. Маусым сәтті, ал жарқын күндер көп болсын!",– деді қала басшысы ашылу салтанатында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу