Алматыда "Шаңырақ күні" он бала дүниеге келді

524

Алматы қалалық №4 перзентханада мерейлі мереке аясында төрт ұл, алты қыз өмірге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматыда "Шаңырақ күні" он бала дүниеге келді Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Перзентхана ұжымы аналарға мерекелік іс-шара дайындады. Би ансамбльдері өнер көрсетті, гитара мен домбырада әндер орындалды. Жас аналар үшін дәстүрлі ұлттық тағамдар дайындалды.

Сондай-ақ жас аналарды отбасындағы қуанышпен құттықтап, "Наурыз – базар" естелік сыйлықтары табыс етілді.

31 жастағы алматылық Эрика есімді ана №4 перзентханада төртінші баласын дүниеге әкелді.

"Бұл жерде үлкен символдық мән жатыр, мен Наурыз мерекесі қарсаңында босандым, әсіресе қызымның дүниеге келуі отбасылық құндылықтар күнімен тұспа-тұс келді. Мен қазір өте қуаныштымын. Ана болу – үлкен бақыт. Бүгін бізді салтанатты түрде құттықтап, сыйлықтар бергендеріне өте ризамын. Баршаңызды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын және баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік, өркендеу, әр үйге амандық пен бақыт тілеймін", - деді төрт баланың анасы Эрика.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда "Шаңырақ күні" – жалпыұлттық отбасылық құндылықтар мен кіршіксіз махаббат күні аталып өтуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу