Алматыда шектеу шаралары 1 қыркүйекке дейін ұзартылды

889

17-31 тамыз аралығындағы сенбі, жексенбі және мереке күндері сауда нысандары жұмыстарын тоқтатады.

Алматыда шектеу шаралары 1 қыркүйекке дейін ұзартылды

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік  коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында шектеу шараларының неліктен ұзартылғанын түсіндірді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Алматыда эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру, білім беру мекемелерінде оқытуды штатты режимде ұйымдастыру қажет", - деп түсіндірді спикер.

Сондықтан Алматыда қолданыстағы шектеу шаралары айдың соңына дейін ұзартылды.

Әлеуметтік-экономикалық нысандар "қою қызыл аймаққа" қойылатын талаптарға сәйкес жұмыс істейді.

"Ashyq көшбасшылары" мәртебесі бар объектілерге сағат 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Бірақ медициналық қарсылықтары барларды қоспағанда қызметкерлердің 90%-ы вакцина салдыруы және соңғы 3 ай ішінде ауырып емделгендердің қатары 20% болуы тиіс. Ashyq жобасында жұмыс істейтін басқа нысандарға сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етілген.

Ashyq-қа қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін тоқтату жалғаса берді.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 29 шілдедегі №33-қаулысының 9-тармағының 4-бөлігінде көрсетілген ұйымдар мен объектілерден өзге Ashyq жобасына қатысушылардың барлық кәсіпорындары мен ұйымдары 2021 жылдың 17-31 тамызы аралығында сенбі, жексенбі және мереке күндері жұмыстарын тоқтатады.

Қала саябақтарында жай күндері, демалыс және мереке күндері, аттракциондар, бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану орындарының қызметтеріне тыйым салынған.

Сондай-ақ, Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің қаулысы бойынша медициналық қарсы көрсеткіштері бар және соңғы 3 айда емделіп шыққандарды қоспағанда, мұғалімдер мен техникалық қызметкерлер, жатақханалар мен асханалардың қызметкерлерін вакцинациялауды аяқтау қажет. Медициналық қарсы көрсеткіштері бар әрі 3 айдан бері емделген науқастарды қоспағанда 18 жастан асқан студенттерге екпе салуды аяқтау қажет.

Сонымен қатар, Қаулыда студенттер көп жиналатын жерлерде – асханаларда, дәретханаларда, демалыс орындарында ауа рециркуляторларын орнату ұсынылады, ал мектептерде бастауыш, орта және жоғары сынып оқушылары бөлек есіктерден ішке кірулері тиіс.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу