Алматыда шектеу шаралары күшейтілді

854

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Алматыға жұмыс сапарымен келді.

Алматыда шектеу шаралары күшейтілді

Ералы Тоғжанов Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен бірлесіп қаланың 70 тен астам ауруханасы мен емханасының бас дәрігерлерінің қатысуымен бейнебайланыс режимінде ауқымды жиналыс өткізді, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ералы Тоғжанов қалада сырқаттанушылықтың өсуіне, сондай-ақ COVID-19 ПТР диагностикасының мәселесі бойынша зертханалардың жұмысын үйлестірудің маңыздылығына назар аударды.

"Бүгін қойылған міндеттерді бүгін Қаланың бас санитарлық дәрігерімен бірлесіп талдап, қажетті шаралар қабылдауды сұраймын",– деп атап өтті Е. Тоғжанов

Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министрінің орынбасары нақты тапсырмалар берді:

- қызметкерлер саны 15 және одан да көп адамды құрайтын ұйым қызметкерлерінің 60-80%-ын қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшіру, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде қосымша кезекші топтар, қала мектептерінде кезекші сыныптар ашуды тоқтата тұру;

- жексенбі күндері санитарлық күнге жабыла отырып, СОО, сауда объектілерінің жұмысын сенбі күні сағат 17.00-ге дейін шектеу;

- қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан нысандардың қызметіне сағат 7.00-ден 23.00-ге дейін, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, бас санитар дәрігер Қаулысының талаптарын сақтай отырып, отыратын орындар саны 50-ден аспаған жағдайда қызметіне рұқсат ету;

- өнеркәсіптік, құрылыс, көлік кәсіпорындарының қызметкерлерін жұмысқа жеткізу және тасымалдау үшін ұйымдарға қызметтік көлікті ұсыну;

- бас санитар дәрігер Қаулысының талаптарын сақтай отырып, жұмыс күндері сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып ХҚКО жұмысын ұйымдастыру;

- тестілік режимде жұмыс істеу кезінде белгіленген шектеу шараларын сақтай отырып, туризм объектілерінің жұмысын жалғастыру.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу