Алматыда шетел азаматтарының қатысы бар 100-ден аса қылмыс тіркелді

797

Жұмыс берушілерге 47 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Алматыда шетел азаматтарының қатысы бар 100-ден аса қылмыс тіркелді

Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал–майоры Қанат Таймерденовтің мәліметінше, қалада көші-қон заңнамасын бұзғаны 1082 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Әкімшілік тәртіппен 166 шетелдік азамат елден шығарылды. Сонымен қатар 57 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Оларға 47 млн теңгеден астам айыппұл салынды. 4 ай ішінде шетелдіктер 117 заң бұзушылыққа барған. Оның басым бөлігін Өзбекстан Республикасының азаматтары жасаған", – деді Қанат Таймерденов.

Бұл ретте ол полиция бекеттері қаладағы қылмыстық жағдайды жақсартуға көмектескенін айтады. "Бір күнде посттарға 111 полиция қызметкері тартылады. 2020 жылдың қаңтар–сәуір айларында 4 мыңнан астам адам стационарлық полиция бекеттеріне жүгінді. Оның 5-і бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, 1 мыңнан астам әкімшілік іс қозғалды, 2 мыңға жуық азамат құқықтық көмек пен кеңес алды", – деді, Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қанат Таймерденов.

Қылмыстық аудандарда полиция бекеттері орнатылғаннан кейін заң бұзушылықтар 18% –ға төмендеген, ал олардың ізін суытпай ашу 11,8%-ға жоғарылады.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың қазан айынан 2020 жылдың қаңтары аралығында Алматыда 41 полиция бекеті іске қосылды. Олардың 4-і туристік полицияға арналса, 37-сі қылмыс жиі орын алатын аудандарға орналастырылған.

Құралай Құдайберген

Фото:Reuters

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу